Иә, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Отырар ауданы үздік деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды.
Сонымен отырарлықтар облыс орталығына келген қонақтар мен қала тұрғындарын несімен таңғалдырды?
* Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасыннан бастау алған шара Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Әділхан Мәліктің «Ұлы дала барысы» атты Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған тақырыптық кескіндеме сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
* Тағылымды шара тізбегін Отырар халық театрының «Бейбарыс» қойылымына ұласып, Рахымжан Отарбаевтың туындысы режиссер Ғазиз Арынов пен суретші Әділхан Мәліктің жетекшілігімен сахналанды.
* Онан соң «Өнерлі өлке – Отырар» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті.
* Этноауыл аймағында «Сырлы бояулар сыр шертеді» атты қылқалам шеберлерінің көрмесі және шеберлік сағаты
* «Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі» атты аудан тарихынан сыр шертетін өлкетану көрмесі
* «Омартасы рухтың – Отырарым» атты ақындар айтысы
* «Ұлттық ойын – ұлттың игілігі» атты ұлттық спорт ойындарынан сайыс
* Ауданның жетістіктері, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңке-көрмесі
* Сонымен қатар «Ұлы дала дәстүрі» атты салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері, қолөнер, сурет көрмесі
* «Алтыбақан» думаны
Міне, осындай ерекше қойылымдар мен мәдени іс-шаралар облыс орталығына келген қонақтар мен қала тұрғындарын ерекше көңіл-күйге бөлеп, отырарлық өнерпаздар көпшіліктің қошеметіне бөленді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»