Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесый жасайтын талантты бала 9-сыныпқа көшті. Әкесі де, анасы да ауылда еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан оны кішкентай кезінен еңбекке баулып тәрбиелеген.
– Болашақта құрылыс инженері болғым келеді. Ағам осы мамандықта мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл мамандық құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Сондықтан маған қатты қызық. Қазір «Бәйтерек», «Биг-бэн», «Эйфель» мұнарасы сияқты ғимараттардың макетін жасадым. Үйде әкемнен көп нәрсені үйреніп жүрмін, – дейді жас қолөнерші.
Шахимардан қазіргі таңда №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде оқиды. Көп балалы отбасында өскен ол ұлдардың ортаншысы. Бала кезінен қолөнер жағына қызығып, әкесінің алдынан шықпайтын. Қолынан келмейтіні жоқ. Әкесі – қолөнер шебері, мүсінші, суретші, ағаш ұстасы, шебер. Ал анасы – қолөнер шебері, тігінші.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат