Сайыстың негізі мақсаты жастар саясатын жүзеге асыру, шығармашылық ізденістерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, талантты дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Байқаудың бірінші кезеңі 12 ауылдық округті қамтып, оның ішінде 33 елді мекеннен, 60-қа жуық жас іріктеуге қатысты. 2 айға жалғасқан іріктеу кезеңінен 21 жас соңғы кезеңге жолдама алды. Бүгін талантты жастар ақтық сыңға түсті.
Шараны Қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы және Сауран аудандық мәслихатының депутаты Хуршид Бахтиярұлы ашып берді. Байқауда 2022-2023 жылғы жеңімпаздар және ауданымыздың жас белсенділері келіп өнер көрсетті.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені Бабаханов Шохзод иеленді. І орынды Құмабай Жарылқасын алса, ІІ орын- Қалдыбек Ақтолқынға бұйырды. Ал, ІІІ орын Сапарбай Шапағат атты аруға табысталды. Номинация бойынша, "АЛТЫН ДАУЫС", "КҮМІС КӨМЕЙ", “ЖАС ӘНШІ”, “ДАРА ДАУЫС” пен “КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ” сынды номинациялар үздіктерге табысталды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат