Жиында қаламызда рухани мәдени құндылықтардың ордасы аталған бір қатар мәдениет мекемелерінің мерейтойларын атап өтуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны да айтылды.
Атап айтқанда;
А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының
125 жылдығы;
Оңтүстік өңіріндегі тұңғыш құрылған театрдың бірі - Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығы;
Көпшілік орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
70 жылдығы;
Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы;
Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жылдығы;
Әл-Фараби ғылыми әмбебап кітапханасының
10 жылдығы;
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдығы аталып өтілетін болады.
Атаулы даталар бойынша бірқатар іс-шараларды кең көлемде атап өту жоспарға енгізілді. Атап айтқанда: Жошы ұлысы іргесінің қаланғанына 800 жыл, қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы, жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы аталып өтілсе, сонымен қатар халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың және Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жыл соңына дейін ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Одан бөлек, белгілі ақын, мәдениет саласының ардагері Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда.