Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 16:01

Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. 

Ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысты. Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі. Бүгін аталған секторларда 25 мың түп көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, талшын, арша, жөке) отырғызылды. Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар аумақтық 23 департамент мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р-33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді. Осындай жұдырықтай жұмылған еңбектің нәтижесінде келешекте Түркістан шаһарының ауазы тазарып, тұрғындарға жайлы өзіндік микроклиматы қалыптасатыны анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 900 рет