Түркістан облысында 200-ге жуық науқас пневмониядан емделіп шықты
Қазіргі таңда облыс тұрғындары тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке жиі жүгінуде.
- Бөлім:  Денсаулық
Қазіргі таңда облыс тұрғындары тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке жиі жүгінуде.
«ALTYN KUZ-2019» мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен шаруа қожалығы төрағалары, депутаттар мен аудан-қала əкімдері қатысты.
Бұған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйытқы болды. Жиынға департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев және облыстағы барлық 16 ауданнан келген 1000-ға жуық аталмыш ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты.
Түркістанда облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Хаким Көшқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Көпшіліктің көңілін күпті еткен Түркістандағы «Шаңырақ» монументі бұзылды. Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде жұрттың талқысына түскен бұл нысанды, әсіресе, «Фейсбук» белсенділері иісі қазақ қасиет тұтқан шаңырақтың төңкерілуін жаман ырымға балаған болатын.
Жұртты адал сауда жасауға шақыратын сауда орны бұл жолы облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратынан есік ашты. Аталған дүкеннің іске қосылуына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.
Ыстанбұл қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің, Түркия Республикасының Вице-президенті Фуат Октайдың, ұлттық компаниялар, даму қорлары мен сауда палаталарының басшылары, жоғарғы билік өкілдері және екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақстан-түрік бизнес-форумы өтті.
Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтініміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды.