Шараның негізгі мақсаты – ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеу. Басқосуды Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты орталық кітапхананың «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Алима Хайдарова ашып, жүргізіп отырды.
Адалдық аясында ұйымдастырылған жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев, «Түркістан – адалдық алаңы» менеджері Нұржахан Абуова, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Бақытжан Дүкенбай және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлзада Малдыбекова күн тәртібінде қаралған тақырып аясында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу, адам бойында парасаттылықты, ізгілікті, адами қасиеттерді қалыптастыру бағытында ой-пікірлерін ортаға салды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат