Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем - жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті.Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Аталған мәдени іс-шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, сондай-ақ, елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мәдени шара барысында тарихи шежіреге байланысты сахналық қойылымдар, бейнероликтер көрсетіліп, қала өнерпаздары мерекенің ажарын аша түсті.
Елдімекен тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі әндер мен жырлардан бөлек туған өлкенің тарихы, туған елден шыққан тұлғалардың, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істері жайында жан-жақты мағлұмат алды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат