Ал халыққа 56 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде. Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы 2007 іс-шара өткізілді. Пандемияға байланысты іс-шаралардың басым көпшілігі онлайн форматта ұйымдастырылды.
Бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан мәдениет қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында мәдениет саласының үздіктерін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, «Көрме» орталығы, «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы, «Шымкент қалалық мемлекеттік архив», «Тілдерді оқыту әдістемелік» орталығы, «Шымкент Цирк», «Қуғын сүргін» музейі мен «Зообақ» пен 5 кітапхана, оның ішінде Абай кітапханасының 23 кітапхана бөлімшесі, орталықтандырылған балалар кітапханасының 14 кітапхана бөлімшесі бар.
Естеріңізге салсақ 2020 жылы «Шымкент- ТМД-ның мәдени астанасы» атанып, бұл құрметті абыроймен Душанбе қаласына табысталған болатын. Душанбелік қонақтарға «Достық сыйы» атты топтамасы тарту етіліп, Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаламыздың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі жазылған 2200 тұмар жіберілген.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат