Бас аяғы 28 қатысушы болды.
Жәрменке қолөнершілердің байқауына ұласып, көрмеге ат-салысқан шеберлер жұмыстарына арнайы әділ-қазылар алқасы бағасын берді.
Әділ-қазылар алқасының төрайымы «Қызмет» газетінің бас редакторы, журналист Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Салт дәстүр орталығының бөлім басшысы Омар Мырзабай, филология магистрі Шермухамедова Эльмира және Күзембаев Бақыт.
Нәтижеде 7 номинация бойынша үздіктер марапатталды
1. «Хас шебер» номинациясы – Ауелбеков Яқия Әлімбекұлы;
2. «Жігер» номинациясы – Рафиков Икрамжан Мұхамеджанұлы;
3. «Ұлы дала үні» номинациясы – Дүйсенбеков Талғат Махмиддинұлы;
4. «Жаңа есім» номинациясы - №78 жалпы білім беретін мектеп;
5. «Өмірге құштарлық» номинациясы – Пазылбекова Жанат;
6. «Заман үйлесімі» номинациясы – Қожан Айдана Талғатқызы;
7. «Ізденіс» номинациясы – Исабеков Қасиет Қойшыманұлы.
Сондай-ақ, іс-шараға бірқатар парламент депутаттары ат басын бұрды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абақанов Елдос Нұрболұлы, Ташқараев Ғани Әбдіғанұлы, Соловьева Айгул Сағадибекқызы және Германиядан келген қонағымыз Йоханнес Шуман қолөнер көрмесін тамашалап, таң тамаша қалды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат