Сейсенбі, 10 Тамыз 2021 12:12

Кентауда Абай күні аталып өтті

Бүгін Кентау қаласында Абай күні аталып өтті. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Рухани шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Жиында алғаш сөз алған Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай Абайдың ел үшін биік тұлға екенін атап, оның есімі ел жадында мәңгілік сақталатын жеткізді. Қаладағы ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай бой көтерген Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Аталмыш шарада Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы өнерпаздарының кішігірім концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес, 10-тамыз Абай күні болып бекітілген болатын. Абайды ұлықтап, оның ұлағатқа толы сөздерін жастарымыздың бойына сіңіру әр қазақстандық үшін парыз.

Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті және әдеби тілінің негізін салушы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 565 рет