Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп лицейімен бірлесе отырып 1 қазан -Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне орай "Дария кеуде, тау мүсін" атты тақырыпта өнеге сағаты қарттар мен студенттер арасында болып өтті.
Іс шараның мақсаты жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс шара барысында Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Кеңесбек Мәрсәліұлы, Хамза Пәйізұлы, "Даму" мектеп - лицейнің басшысы Юсупова Зейнеш, Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің кітапханашысы Одаман Гүлсара, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы қатысып, қарттарға деген жылы лебіздерін білдірсе, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп лицейінің оқушылары Жанайым Қасымбек, Аяулым Есіркеп, Аяулым Қуаныш, Мирас Тастанбек ата -әжелерімізге жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берсе, Құрманғали Мұхаммед "Секіртпе", Бейсенбай Айбарлы "Көңіл толқыны" күйлерін тебіренте орындаса, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп - лицейінің ұстаздары Бейбіт Мамуов "Ана" әні, Аманбай Қожақанов "Қарттар асыл қазынам" атты арнауын арнаса, "Шегебаева Марал "Жақсы адамдарым" атты әнін нақышына келтіріп орындады.
Кеш соңында оқырмандар "Қарттар - біздің асыл қазынамыз" атты тақырыпта кітап көрмесімен танысты. Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні - 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді, егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Одан бөлек, қарттарға арналған ауқымды шараның бірі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған.