Түркістан қаласындағы М. Мамаетова атындағы мектептің жас мамандары дәл осындай тақырыпта керемет кеш өткізді. Мереке 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылды.
"Біз де жас болғанбыз" атты сахналық қойылымы ұстаздар мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарға арналды.
Қаламыздағы М. Мамаетова атындағы мектептің жас мамандары рольдерді керемет сомдап, өнерлерін ортаға салды.
Бір топ ардагер ұстаздар әсерлі қойылымды тамашалап, артта қалған сағым жылдарын есіне алып, тебіреніп отырды.
Халық қалаулысы Рая Серікбайқызы бірнеше кітаптың, көптеген сахналық қойылымдардың авторы ретінде танылған жан екендігін жақсы білеміз, бірақ бүгінгі оның мұрындық болуымен ұйымдаст ырылған қойылым ерекше әсерлі болды.
Кеш соңында ардагер ұстаздар жақсы лебіздерін білдіріп, ризашылық танытып, алғыстар айтты.
Облыстық "Қазақ тілі" қоғамы төрағасы Бақытжан Сүлейменұлының атынан алғыс хат табыстап, Рая ханымның ерекше бір қыры шахмат ойыны шебері екендігін айтып өттім.
Ұстаздарды ұлықтау, ардагерлерді құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен Рая Серікбайқызына және мектеп ұжымына Алланың нұры жаусын демекпін.
Ия, біз де жас болғанбыз...
Ұстаздар мерекесі қарсаңында әсерлі кештің куәсі болып, марқайып қалған күн болды.
Айта кетейік, бқл күн 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген.Біздің мемлекетімізде де бұл мереке қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілді. 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің жағдайы туралы" құжатқа қол қойған.
Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылады.Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сыныптарға сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады.Қазақстандық ұстаздар бұл мерекені міндетті түрде педагогикалық ұжыммен бірге атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күні республика бойынша үздік ұстаздар марапатталады.