Түркістан: Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде өткен сенбілік 500-ге жуық адам қатысты

Ордабасы ауданының аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасында балалар тынығатын аймақты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысып, сенбілік жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Шымкенттік ғалымдар қаңлы дәуірінің мұрасына зерттеу жүргізді

Шымкент қаласында орналасқан іргелі оқу орындарының бірі – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Археологиялық орталығы Нидерландтың Лейден университеті ғалымдарымен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді.

Shymkent Creative Hub креативті орталығы жаңа идеяларды іске асыруға көмектеседі

Шымкентте креативті индустрияны қолдауға бағытталған тың жоба –  Shymkent Creative Hub  креативті орталығы бар. Кеңістік қаладағы шығармашылықпен айналысатын мамандарды бір арнаға тоғыстырып, олардың кәсіби дамуына, идеяларын жүзеге асыруына және табыс көзін кеңейтуіне мүмкіндік береді.

Түркістан: Сауран ауданының дамуына қатысты бірқатар мәселелер қаралды

Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шымкентте гастрономиялық туризм дамып келеді

Бүгінде Шымкенттте 17 туристік маршрут қызмет көрсетуде. Олардың ішінде Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент 4 күндік туристік маршрутын туристер жиі таңдайды. Сонымен қатар, әр бейсенбі күні шетелдік туристерге арналған тегін автобустық экскурсия өткізілуде. Бұл шара туристерге қаланың көрікті жерлерімен танысуға, мәдениеті мен тарихын зерттеуге мүмкіндік береді.

Шымкентте жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қала әкімдігі алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын басты назарда ұстап отыр. Жылу беру маусымының тұрақты және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жылумен қамту нысандарында кешенді жөндеу және алдын алу шаралары жүргізілуде.