Түркістан: 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егілді

Түркістан облысында 2025 жылға аса қауіпті аурулардың профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, 10 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егіліп, жоспар 83%-ға орындалды.

Түркістан облысында футболдан турнир басталды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақта футболды дамыту, жаңа жоспар әзірлеп, ел ішінен талантты жастарды іріктеуді тапсырған болатын. Осыған орай өңірде әуесқой командалар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды.

Түркістан обылысныда келуші шетелдік туристер саны 2 есеге артты

Түркістан облысындағы негізгі бағыттардың бірі – туризм. Аймаққа келушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары түркиялық инвестормен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков түркиялық инвестормен іскерлік кездесу өткізді. Маңызды жүздесуде қос тарап өкілдері өңірдің өндіріс саласына тоқталып, аймақта құрылатын кәсіпорынның жаңа мүмкіндіктері мен құрылыс жұмыстары туралы пікірлесті.

Түркістан обылысындағы тігін цехында жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс киімі тігіледі

Төлеби ауданындағы тігін цехы жылына 250 мыңға тарта арнайы жұмыс формасын тігуге қауқарлы. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі тігін цехын аралап, жұмыс жүйесімен танысты. Мұнда тұрғындарды жұмыспен қамту, отандық өнім өндіру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Шағын және орта бизнес нысандары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні анық.

Түркістан: Төлебиде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Өңірлерде балық шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Осы тұста Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Киелітас ауылдық округінде орналасқан «Fish House» ЖШС-не арнайы барып, жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров аудан әкіміне балық шабақтары жіберілген арнайы бассейндерді көрсетіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Бүгінде кәсіпкер балықтың сазан және форель түрлерін уылдырық арқылы көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Шаруашылыққа тартылған инвестиция құны – 400 млн теңге. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель, 3 тонна бекіре тұқымдас балықтар жіберілген. Мұнда бүгінде 50-ге жуық ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Сонымен қатар қожалық иесінің жеке қаржысы есебінен жол бойына заманауи балалар ойын алаңшасын салып, халыққа пайдалануға беру жоспарлануда.

Кәсіпкердің сөзінше, форель балығы салқын кезде арнайы орында өсіріліп, күз мезгілінде ашық бассейнге жіберіледі. Сондай-ақ, ол ауданға келуші туристерге балықтың бірнеше түрін ұсынып, этно стильде дәмхана ғимаратының құрылысын жүргізетінін жеткізді. Бүгінде тоған айналасына ерекше жеміс ағаштарын егіп, абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

 

 

 

Түркістан: Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде өткен сенбілік 500-ге жуық адам қатысты

Ордабасы ауданының аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасында балалар тынығатын аймақты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысып, сенбілік жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Шымкенттік ғалымдар қаңлы дәуірінің мұрасына зерттеу жүргізді

Шымкент қаласында орналасқан іргелі оқу орындарының бірі – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Археологиялық орталығы Нидерландтың Лейден университеті ғалымдарымен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді.