Super User

Super User

Түркістан облысының спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды

Түркістан облысының №2 олимпиада спорт мектебінің шәкірттері жастар арасында гір тасын көтеруден Сербияның Новый сад қаласында өткен әлем чемпионатда 3 алтын жеңіп алды. Сонымен бірге қол күресінен Румынияда өткен әлем чемпионатында Нұрболат Басымбек пен Жұлдыз Нарзан жеңіс тұғырынан көрінді. Осындай жарқын жетістіктерге жеткен спорт мектебінің ұжымы жеңімпаздарға құрмет көрсетті. 

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына іссапармен барды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданының тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аумақта елді-мекендерді ауызсу мен газбен қамтамасыз ету мәселесі жүзеге асуда. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу, күл -қоқыстан тазартып, заңсыз қоршаулар мен құрылыс нысандарынан арылту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бақытжан Сағынтаевпен бірге Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерді. Алдымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Өмірзақ Шөкеев: Арыста жүргізілген ауқымды жұмыс бәріміз үшін баға жетпес тәжірибе болды

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан бірнеше сектордың құрылысшылары жұмыстарын уақтылы аяқтап, елдеріне қайтып жатыр. Ол секторлардың барлығында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Осы RSS каналға жазылу