Бейсенбі, 14 Қараша 2019 15:12

Түркістан облысының спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды

Түркістан облысының №2 олимпиада спорт мектебінің шәкірттері жастар арасында гір тасын көтеруден Сербияның Новый сад қаласында өткен әлем чемпионатда 3 алтын жеңіп алды. Сонымен бірге қол күресінен Румынияда өткен әлем чемпионатында Нұрболат Басымбек пен Жұлдыз Нарзан жеңіс тұғырынан көрінді. Осындай жарқын жетістіктерге жеткен спорт мектебінің ұжымы жеңімпаздарға құрмет көрсетті. 

Гір көтеруденСербия елінде өткен Әлем чемпионатының жеңіс тұғырынан көрінген 85 келі салмақтағы Ахмет Ерболатпен 73 келідегі Орынбасар Қобыландыалтынмедальжеңіпалды. Сонымен қатарөзінің мықтылығын көрсеткен 63 келідегі Мырзабек Нұргелдінің қарсыластарын тізе бүктірді. Шәкірттерінің бұл жетістіктерін жоғары бағалаған бапкері Мұрат Серікбаев алдағы жарыстарда ел намысын қорғауда күш-жігерлерінің өз бабында екендіктерін жеткізді.

Ғаламат жетістіктерге жеткен ізбасарлар мен бапкерлер үстіміздегі жылы әлем  чемпионатынан 6алтын, 2 күміс, ал сары құрлық елдері арсында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 6 алтын,  8 күміс, қола иеленді. Сонымен  қатар ел біріншіліктерінде түркістандықтар 27 алтын, 27 күміс, 34 қола медальді еншіліп, жалпы саны 116 медальді олжалап, мерейтойға тарту етті. Мектеп директоры Нұрлан Айтмұрзаевтың айтуына қарағанда, жыл сайын дарынды спортшылар түрлі халықаралық додаларда жеңістерге жетіп келеді.

«№2 олимпиада спорт мектебінің құрылғанына 25 жыл толуына орай, спортшы ұл-қыздар биыл 39 алтын иеленіп, өңіріміздің спорт жанашырларын қуантты. Білікті бапкерлер мен білімді  спорт мамандар қызмет атқаратын спорт мектебінің ұжымы бірлік пен  ауызбіршіліктің арқасында жарқын жетістіктерге жетуде» - дейді ол.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 520 рет