Super User

Super User

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Кенен атаның ұрпағымен кездесу ұйымдастырылды

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туғанына – 135 жыл. Осыған орай Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіне қарасты Кенен Әзірбаев мектебінде «Алатаудың ақиығы» атты кездесу болып өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мен «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған кеште халқымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихы насихатталды. 

Түркістанда «Turkistan-jastar qalasy!» жастар фестивалі өтті

Түркістанда «Turkistan-jastar qalasy!» атты жастар фестивалінің қорытынды кезеңі мен жабылу салтанаты өтті. Жастар жылы аясында қолға алынған жобаны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына ықпал ету және насихаттау, бос уақытты ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау, сондай-ақ жас дарындардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қолдау таныту.

Түркістанда «Денсаулық фестивалі - 2019» акциясы өтті

Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» ауқымды іс-шарасы өтті. Осымен 20-мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10 мыңға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды.

Түркістан: облыс әкімі Келес ауданындағы әлеуметтік маңызы бар жобалардың жұмысын тексерді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды. Алдымен аймақ басшысы Біртілек ауылдық округінде орналасқан «Абзал» және «Береке» шаруа қожалықтарында атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

Осы RSS каналға жазылу