Super User

Super User

«Nur Otan» партиясы Сарыағашта көшпелі қабылдау өткізді

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының қатысуымен Түркістан облысының департамент және басқарма басшылары Сарыағаш ауданы тұрғындарына арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Түркістан облысы: «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау өтті

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ең көп оқитын оқырмандар арасында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау өткізілді.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында ісі өрге домалаған шаруа қожалығы бар

Елімізде ауыл шаруашылығы саласына бөлінген көмек қоры аз емес. Агро саланы дамыту бағытында қолға алынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жанар жағар маймен, субсидиямен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Осындай мүмкіндікті мүлт жібермей, шаруасын шалқайтқандардың бірі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы  «Ерсұлтан Агро» шаруақожалығы.

Кентауда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Шаруаға бейім аймақ тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен кәсіптерін ұршықша иіріп отыр. «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі». Осылай деген Президент пікіріне моно қала тұрғындары еңбекпен үн қоспақ.

Осы RSS каналға жазылу