Super User

Super User

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында спорт кешенінің тұсауы кесілді

Састөбе кентінің жастары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Бүгін спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды. 

Түркістан облысы: Кентаулық шаруалар жемістерін жинай бастады

Кентау қаласының Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды бау-бақшаны дамытып келеді. 20 гектар жердің 14 сотығына жүзім егілсе, қалған жерлеріне алма, өрік, шабдалы жемістерін өсірген. 

Түркістан облысы: Арыс халқына 100 мың теңге берілді

Жарылыс кезінде зардап шеккен Арыс шаһары тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақы берілді. Аталған қаржыны алу үшін, бұған дейін екі ауылдық елдімекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылған болатын. Қызылорда, Жамбыл облыстары және Шымкенттен «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп, жұмыс жүргізген. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында қариялар арасында асық атудан жарыс өтті

Ағымдағы аптада аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967), мал шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері», есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған (1964), 2 Ленин (1964, 1975), Еңбек Қызыл Ту (1971, 1977) ордендерінің иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қалы Байымбетовті еске алуға арналған асық атудан аудан ардагерлері арасында жарыс өтті. Аталған жарыс аудан орталығы Шолаққорғандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. 

Осы RSS каналға жазылу