Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бірлік пен бейбітшілікке толы 30 жыл» атты кітап көрмесі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Таза Қазақстан: Ордабасы ауданы көлемінде ағаш отырғызу іс-шарасы басталды

Президент Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданы көлемінде кең көлемді ағаш отырғызу шарасы басталды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ордабасы ауданы: Бадам ауыл округінде ағаш егу жұмыстары жүргізілді

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына жұмыла кірісті. Аудан әкімі Азат Оралбаевтың аймақ тұрғындарын бастамаға белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланған болатын.

ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.

Осы RSS каналға жазылу