Super User

Super User

Шымкент жолдары: инфрақұрылымдық серпін және заманауи көлік жүйесі

Шымкент қаласы қарқынды дамып, инфрақұрылымды жаңарту мен көлік қатынасын оңтайландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы автокөлік санының жыл сайын артуына байланысты жол құрылысы, жөндеу және көлік жүйесін жаңғырту басты назарда.

МӘМС: Шымкенттегі медициналық қызмет сапасы қалай өзгерді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызмет көрсету сапасы артып, халық үшін жоғары технологиялық көмекке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып, медициналық көмекке бөлінетін қаражат ұлғаюда. 2024 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау бюджеті 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 61,7 млрд теңге МӘМС жүйесіне, ал 72,5 млрд теңге ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) шеңберінде медициналық қызметтерге бағытталды.

Жергілікті өндіріс – ұлттық экономиканың тірегі

Мемлекет кәсіптің көзін тауып, іс қылғысы келгендерге қолдауды кенже қалдырған емес. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік тарапынан қайтарымсыз грант алып, субсидия алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімі өзге өңірлерге де жіберіліп, ішкі өнімді қамтамасыз етуге қолғабыс етіп отыр.

Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Осы RSS каналға жазылу