ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қатысты.

Тағылымы мол басқосуға жиналғандар Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен атқарған қызметтері жайлы баяндама жасап, сондай-ақ қайраткердің ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірдің экономикасын дамытудағы ерен еңбегін тілге тиек етті.

Асанбай Асқарұлы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады.

 

ШЫМКЕНТТІКТЕР АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Мемлекет  және қоғам қайраткері, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Шымкенттегі Әл Фараби алаңында тау тұлғаны еске алу рәсімі өтті. Шараға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, бір топ зиялы қауым мен жергілікті халық және БАҚ өкілдері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алғы сөзінде шаһар басшысы қазан айында Асанбай Асқаровтың мұрасы мен оның тарихи тұлғасын тануға арналған республикалық конференция өтетінін жеткізіп, қоғам қайраткерінің басшылық еткен жылдарын еске түсірді. - Асанбай Асқаров басшылық еткен жылдары Шымкент қаласы көркейе түсті. Шаһардың экономикасы мен өнеркәсібі дамып, жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынды. Қаламыздағы дендросаябақ, хайуанаттар бағы мен өзге де мәдениет және спорт нысандары бой көтерді. Бүгінде Шымкентте Асанбай Асқаровтың ескерткіші, ол кісінің атындағы көше мен орта мектеп және мұражайы бар. Осыдан екі жыл бұрын Шымкенттегі денросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың қаламынан туған «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасы 2017 жылдан бері Шанин атындағы қалалық драма театрында қойылуда,-деді М.Әйтенов. Ал зиялы қауым өкілдері “қайраткердің өнегелі өмірі, елге деген сүйіспеншілігі, қарапайымдылығы мен адалдығы бүгінгі жастарға үлгі болып, олардың жадында жаңғырып тұруы тиіс” дегенді тілге тиек етті. -Осылайша ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, Асқаровтың дара тұлғасы туған халқымен бірге мәңгі жасай бермек. Айтып өтейік, Үкіметтің ұйғарымымен Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы көршілес Жамбыл облысында, өзінің туған жерінде республика көлемінде жары мен балаларының қатысуымен өтіп жатыр. Мерейтойға Шымкент қаласынан да қызметтес болған ардагерлер қатысуда.

Түркістан: "Жүректен маржан іздеген-Шерхан" атты тұлға кеші

Дәл осында тақтыпта  Түркістан қалалық орталық кітапханасы  мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі бірлесе отырып қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай тұлға кешін өткізді.

Іс -шараның мақсаты халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын кеңінен насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Іс-шарада Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Жайықбаева Сандуғаш, кітапханашы Төле Жайсанкүл, орталық кітапхананың кітапханашысы Имамбердиева Гүлмира жазушы Шерхан Мұртаза аға туралы естеліктер айтса, мектеп оқушылары Нұрлан Жібек, Бақытжанқызы Аяла, Сапар Айбек Құдайберген Қазына ағаның нақыл сөздерінен үзінді оқыса, орталық кітапхананың кітапханашысы Алишова Индира "Ұлт рухының жыршысы" атты тақырыпта кітап көрмесімен таныстырды.

Айта кетейік,. Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған. 

1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963–1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы. 

Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 

1989–1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.

Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990–2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. 

Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 

Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды.

«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 9 қазан күні86 жасында  қайтыс болды.

Шымкентте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні аталып өтілді

Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.
Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150  жыл толып отыр.

Ол- ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытқан ұлы тұлға.

Шымкентте ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай  «40 мысал, 40 мақал» атты көшпелі әдеби тіл керуені  өтті. Оған қала әкімі М.Әйтенов және  зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов  қайраткердің қайсарлығы мен ұлтжандылығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.

-  Қазақ даласына терең біліммен қатар, саяси еркіндік қажет екенін терең түсінген ұлт ұстазы мемлекетшіл қайраткерге айналды. Алаш ардақтылары ұмтылған, бірақ көре алмай кеткен тәуелсіздікті көру, іргесін нығайту осы тұрған буынның маңдайына жазылған екен. Егемендігіміз баянды, елім деген ерлеріміздің еңсесі биік болсын!- деді, қала басшысы М.Әйтенов.

 Өз кезегінде сөз алған басқа да зиялы қауым өкілдері де Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігіне, шығармашылығына тоқталып, оның елі үшін еткен еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету жолында насихат жұмыстарын жалғатыра беру керектігін жеткізді.

Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, қазақ композиторларының әндері шырқалды.     Ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Айта кету керек,  бүгін - Қазақстан халқы тілдері күні.     2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, 5 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЕКІ МӘДЕНИ ШАРА ӨТУДЕ

 Қала күніне орай "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.

Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылған болатын. Жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова көпшілікті қала күнімен құттықтап, авторлық әндерін тарту етті. Іс-шарада ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіліп, келіннің бетін ашу, тұсаукесер және тағы басқа дәстүрлеріміз дәріптелді."Қазақ қыздары" ұлттық киімдерінен дефиле және балалар киімдерінің үлгісі көрсетілді. Сондай-ақ, қолөнер шеберлері мен студенттердің қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Айтпақшы, қалада «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі басталды.

Шымкент қаласының Ақпараттық – коммуникациялық орталығында Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс»  турнесінің өтуіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар баспасөз брифингін берді.

«Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-темеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев  мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс»  турнесі бастау алды. Бүгін 21 маусым күні Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда сағат 19:00 де  Хатимолла Жәңгірұлының шығармашылық концерті өтеді. Бұл концертте Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері ҚР Еңбек сіңірген артисі, Қанатқали Қожақов пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрхановтар да өнер көрсететін болады.»-деді Олжас  Сейтимов. Хатимолла Жәңгірұлының  репертуарында қазақтың үш жүзден астам халық әндері, Бұқар, Базар, Қашаған жыраулардың  терме-жырлары, Мұхит Мералиевтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің  және халық композиторларының әндері де бар. Хатимолла Бердіғалиев есімі алты алашқа мәлім болған, айтыс пен ән өнерінде елінің ықыласына бөленген дарынды тұлға. Турненің мақсаты; руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастырып, патриоттық идеялогияны қалыптастыру және қазақ даласындағы  дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы төл өнерімізді қастерлеу болып табылады.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

 

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Дәстүрлі ән-жыр мектебінің өз орталығы болу керек. Ол "Рухани жауһарлар" деген атаумен аталса». Республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауында қазылық еткен өнер майталмандары осындай ұйғарымға келді.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "дөңгелек үстелге" жиналғандар дәстүрлі әннің келешегі үшін алаңдаулы екендерін жасырмады.

Музыкатанушы ғалым Әміреқұл Әбуов мегаполиске музыка өнерін үйрететін іргелі оқу орны керек, талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов ұлы бабамыз Әл-Фарабидің музыка саласындағы бүгінгі ізін жалғаушы десе, өнер қайраткері Рамазан Стамғазиев Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебін елге бұрыннан танымал Жетісу, Арқа,Тарбағатай, Сыр өңірі, Маңғыстау ән-жыр мектептерінің деңгейіне жеткізу керек деген ойын білдірді.

Қазақ өнерінде оңтүстік жұртының дәстүрлі ән-жырлары Жетісу, Арқа мақамы деп әлі күнге дейін термин ретінде бекітілмеген. Осыған орай мәдениет саласының үздігі Әлімжан Серікбаев халық бұрыннан атап кеткен Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебі деген атаумен қалса деген ұсынысын барлық өнер қайраткерлері бірауыздан қолдады.

Мәдениет саласының тағы бір серкесі Жақып Сыпатаев жуырда жаңа жинақ жарық көретінін, онда Ташкент өңірінің белгілі жыршысы, өткен ғасырдың ортасында шырқаған әндері телевизия архивіндегі таспалардан табылған Құтбайдың әндері нотасымен бірге жарияланады. Ж.Сыпатаев жаңа кітап дәстүрлі ән-жыр өнерінде үлкен жаңалық әкелмек деген пікірін жеткізді. Сонымен бірге бұл дәстүрлі әншінің домбыра қағыстары мүлдем басқа, аспапты шерткенде іліп ойнайтынын, сондықтан халық әндерін өзгеше мақамда орындайтынын айтты. 

Жиын соңында "дөңгелек үстелге" жиналғандар дәстүрлі ән-жыр орталығы келешекте ғылыми-зерттеулермен, ел ішіне экспедицияларға шығып, көне жырларды жинастырумен айналысуы керек деген идеяларын да ұсынды.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

"Рухани жауһарлар" атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың жабылу рәсіміне қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жеңімпаздарды  марапаттап, орын алған азаматтарды жеңістерімен құттықтады.

 

— Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінде 6 мектеп бар болса, соның ішінде Оңтүстік өңірінің де өзіндік өрнегі бар. Осы өнерді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, осындай байқаулар арқылы насихаттап отыру — біздің міндетіміз.  Өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен небір талантты жастар келіп қатысты. Олардың өнерін бағалаған әділ қазылар алқасы да кіл мықтылар. Қазақ барда оның ұлттық ән дәстүрі өлмек емес, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Алғашретұйымдастырылғаншараныңмақсатыелтарихынансыршерткенқазақфольклорынбүгінгібуынғақайтажаңғырту, болашаққааманатету болатын.

Сонымен, 2 күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде дәстүрлі ән бойынша А.Ермекбаева, Ә.Бекниязов, Б.Нуриддинұлы, Б.Айтахметов, Н.Жуасбеков арнайы номинацияның иегерлері атанды. Осы ән дәстүрі байқауында ІІІ орынды А.Дәуен, ІІ орынды А.Сағындық, І орынды О.Жаңабаев ұтып алса, бас жүлде Қ.Сынабайға бұйырды.

 

Терме сайысында А.Рустамов, Д.Рахман, Ж.Жәнібек, А.Қонысбаева, Ж.Оспанқұлов арнайы номинациялық жүлделермен марапатталды. Терме айту жарысынан ІІІ орын К.Түрікпен, О.Құлсымақов, ІІ орын Ә.Мырзағалиев, Б. Көштаев, І орын Е.Құрасбек еншісіне тисе, гран-при жүлдесімен Р.Ахинбеков марапатталды. 

 

Өнер додасы марапаттау рәсімінен соң дәстүрлі әншілердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқаҚазақстанныңбарлықөңірінен 32 әнші-термешіқатысты. Оларбайқауғадәстүрліәнментермежанрларыбойынша 2 бөлімдеөнеркөрсетті. Сайысқақатысушыларқазақдаласының 5 дәстүрліөнермектебініңмақамындаөнеркөрсетті. Термешілерменәншілер 2 турбойыөзөңірініңжәнеоңтүстіктіңмақамынасалыпбір-біртуындыорындады.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАҢЫН КӨРДІ

Шымкентте  белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жаңа туындыны көпшілікпен бірге тамашалады.

Тарихи кинотуынды Қазақхандығында Жәнібекханның ұлы – Қасымхан билік еткен кездері туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақхандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге дебелгілі болды. Қасымхан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасымханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялы ққұжаттың көмегімен елбасқарды.

Тұсаукесер жиынына қоюшы режиссер А.Сатаев, актерлер Б.Айтжанов, А.Әбдіқадыров, Е.Жолжақсынов арнайы қатысып, жаңа туындының ерекшелігін, құндылығын тілге тиек етті.

Фильмніңтүсіружұмыстары 2021 жылыақпанайыныңсоңындаАлматыоблысыПанфиловауданындабасталған. КейінтүсірутобыөзжұмысынЖаркентқаласыменКегенауылымаңындажалғастырды. Наурыздыңортасындатүсірілімдер «Қазақфильм» киностудиясыныңпавильондарындатұрғызылған «Сығанаққаласы», «Бұрындықханныңтақзалы» және «Самарқанд  Шайбанныңауласы» декорацияларында жүргізілді. ЖазайларындаҚапшағайқаласыныңмаңында күрделісахналардыңбірі – ҰлытаудағышайқастүсірілгенболатынБұлсахнаға Nomad Stunts каскадерлертобыарнайытартылған.

Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, тағы басқа актерлер сомдайды.

Қала тұрғындары жаңа фильмді  тамашалап, өнер туындысын жоғары бағалады.

Айта кетейік, Елегемендігінің 30 жылдығына тәрбиелік сипаттағы 30 кинотуынды әзірленбек."Ұлы дала таңы" атты тарихи көркем фильмі де осы ел егемендігінің 30 жылдығы мерекесін қарсаңында көрерменге жол тартып отыр.

 

 

 "AQ-QARA.KZ"-ақпарат