Шымкентте Кемел Тоқаев атындағы байқаудың қорытындысы өтті

«Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС мұрындық болып, өткізіп жүрген Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған додаға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды марапаттау жиынына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі қатысты. Сонымен қатар, Президент кеңесшісі, байқаудың әділ-қазылар алқасының төрағасы Берік Уали, Түркістан облысының әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Парламент сенатының депутаты Айгүл Қаппарова қатысып, жеңімпаздардың мерейін көтерді.

Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының мерей тойы өтті

Кімде-кім ұлтының болашағы, туған халқының игілігі жолында жан аямай еңбек етсе, оның есімі туған халқымен бірге мәңгі жасайды. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиетіне, ұлт руханиятын сақтау жолына арнаған Ханбибі Есенқарақызы —сондай есімі елімен бірге мәңгі жасайтын көрнекті тұлғалардың бірі.

Отырар өнерпаздары Түркістан төрінде өнерлерін паш етті

Түркістан қаласындағы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Отырар ауданының мәдениет күндері «Керуен сарай» туристік кешеніндегі аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасын тапты.

Киелі Отырардан қасиетті Түркістанға рухани өнер көші келді

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері басталды. Шараға ауданның тумасы, әлем ақыны, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов арнайы қонақ болып, ризашылығын білдірді.

Шымкент: Мәдениет басқармасы есеп берді

Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді   дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды. 

Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.

Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.

Жыл басынан бері   басқарманың  мемлекеттік және кәсіби мерекелік күндер мен атаулы даталар бойынша өткізілген іс-шаралар барысын кеңінен баяндады.Сонымен бірге мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша баяндап өтті.

 – Мәдениет объектілерін қалпына келтіру бойынша 2024 жылға 15 мәдениет  объектілерін  жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі»   ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен  жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді,-деді Бауыржан Орынтаев.

Жиын барысында   мәдениет басқармасының жұмыстарын саралай келе оған қатысты сындар айтылды. Осыған орай, жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек  сындардан қорытынды шығару үшін  бірнеше тапсырмалар берді.