«Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Отырар ауданының мәдени күндері өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде өтті. Мәдени шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін концерттік бағдарламаларын ұсынды.