Түркістан облысы: республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өз мәресіне жетті

Отырар аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жыршы-термешілер ұлттық өнерді дәріптеп, сөз құдіретін насихаттады.

Түркістанда «TURAN DANCE» республикалық би байқауы бастау алды

Облыс орталығында Халықаралық бишілер күніне орай «TURAN DANCE» республикалық би байқауы басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, өзге де мемлекеттерден келген кәсіби би ұжымдары «халық биі» жанры бойынша өз өнерлерін ұсынды. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өңірде мәдениет саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы: Түлкібаста «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі ұйымдастырылды

Ұлы Жібек жолының бойында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас төрінде қазақ даласының жауһары – Шұбайқызыл қызғалдағына арналған «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – табиғаттың ғажайып сыйын дәріптеп қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтауға үндеу болды.

Түркістанда ұлттық кітап күніне орай мәдени шара өтті

Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық кітап күніне орай «Артық білім кітапта…» атты мәдени-танымдық шара өтті. Кеш Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Бастарбекұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы қатысып, рухани мерекемен құттықтады.

Созақта дәстүрлі әннің әсем кеші өтті

Аудандық Мыңжылқы мәдениет үйінде «Сал серілер ізімен» атты тағылымы терең, рухани кеш өтті. Көкшетау өңірінен арнайы келген дәстүрлі ән өнерінің өкілдері – Сәрсенбай және Нұрқасым Хасеновтер сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай музыкалық мұрасын көпшілікке паш етті.

Ордабасы ауданында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің бастауы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу – халқымыздың асыл мұраты. Ордабасы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында мұндай мағыналы шаралар кеңінен аталып өтуде.

Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Түркістан қаласында Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

Түркістан қаласында қазақ кино және театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Қыз Жібек» көркем фильміндегі басты рөлді сомдаған аңыз актриса Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.