Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 21:50

Түркістан: Дін және зайырлылық туралы оқушыларға түсіндірілді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп гимназиясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді. Мамандар оқушыларға Діни экстремизмнің алдын алу тақабырыбында баяндама оқыды. Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Жалпы діниэкстремизмнің қалай алдын аламыз. Біріншіден теріс діни ағымның, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса, дінтану және тарих пәндерінің мұғалімдері ашық сабақ және тәрбие сағаттарында, қауіпсіздік сабақтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, түсіндіріп отырулары керек. Екіншіден қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес.Сондықтан базарларда, құлшылық орындарында, жер асты өткелдерінде заңсыз сатылып жатқан теріс діни әдебиеттерге құзырлы орган тарапынан тыйым салынуы қажет.Өйткені қарапайым халық діни әдебиеттердің ақ қарасын ажырата алмауы мүмкін.Егерде сатылған теріс діни әдебиет тұтынушының қолына тисе санасын теріс бағытқа улауы әбден мүмкін. Үшіншіден шетелдерге діни білім алуға жастардың көбі өз бетімен барады. Олар ресми органдарда тіркелмегендіктен, нақты қайда оқығанын да білмейсіз. Соның салдарынан шетелдегі деструктивті діни ағымдардың идеологиясы бізге «экспортталып» жатыр. Сондықтан шетелде діни білім алуда белгілі бір шаралар қабылдау – заман талабы. Шетелде заңсыз құжыраларда оқып келіп, елдің арасына іріткі салып жүрген жастарымыз да жоқ емес.Төртіншіден қазіргі таңда кітап оқитын жастар саусақпен санарлық. Өзіне қажетті барлық мәліметті интернеттен іздеп, оңай қол жеткізе алады. Сонымен қатар діни сауатын да интернеттен алады. Діни сауатты интернеттен аламын деп, елімізде және шетелден ашылған экстремистік сайттардың құрығына байқаусызда түсіп қалып жатады. Сондықтан елімізден және шетелден ашылған экстремистік сайттарды күнделікті құзырлы орган тарапынан бұғатталып отыруы қажет. Бесіншіден діни экстремизм мен терроризм қылмысымен айыпталушылардың жазасын ауырлату, діни лаңкестіктің алдын алудың бірі болып саналады. 2011 жылдары орын алған лаңкестік оқиғалардың қайталану себебі — қылмыс жазасының жеңіл болуында.Халықтың арасынаүрей туғызып, халықтың өміріне қауіп-қатер төндіретін лаңкестіктің алдын алу үшін қылмыскердің жазасын қандай деңгейде болуын қарастыру демократиялық құндылықтарға қайшы келмейді. Десе де, террорлық қылмысқа ауыр жаза қолдану қылмыскерлерге тән азабын шектіру емес, қоғам үшін діни экстремизм мен терроризмнің жат екендігін бойға сіңіру және басқаларға сабақ болумақсатында іске асырылуы тиіс. Қорыта келе мәңгілік ел боламыз десек «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу үшін, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрбір қауіпсіздік шараларын дер кезінде алдын алғанымыз жөн деді теолог маман.  Діни экстремизмге, терроризмге қатысты ғаламдық қауіппен тиімді күресу үшін оның алдын алу жұмыстары елімізде ұдайы жүргізіліп келеді. Халықаралық террористік ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе əлеуметтік желілер арқылы өз идеяларын мақсатты түрде насихаттауы – радикалды идеялардың Қазақстанда да таралуының негізгі көзі болып отырғандығы белгілі. Осы жəне басқа да өзекті сұрақтардың елді мекендерде қандай жағдайда екеніне тағы да бір мəрте көңіл аударсақ, төмендегідей нақты социологиялық зерттеулердің нəтижесіне жүгіне аламыз. 2017 жылғы қыркүйек айында Алматы облысының 3 ауданында «Рухани керуен» бағдарламасы аясында əлеуметтік жəне блиц-сауалнамалар жүргізілді. Оған этникалық, əлеуметтік-кəсіби, түрлі жастағы 245 респондент қатысты. Бүгінгі күнде 90 пайыз оқушылар бұл мəселені түсінбейді. Осы орайда адасып деструктивтік ағымға кіріп кетіп жатқан көріністер жиі кездесуде. Радикалды ағымдарға тез ұрынатын əсіресе, əйел қауымы екен. Əйелдер өте коммуникабельді. Интернет жүйесінде радикалдар барлық жұмысты əйел қауымына жүктейді. Өйткені, олар – ана, жар, əпке, сіңлі, кызы ретінде қоғамның басқа өкілдеріне үлкен ықпал жасай алады. Осы жолға түскен кыздарды олар өз ортасынан тезірек күйеуге беруге тырысады. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында бір қызды бес рет күйеуге берген. Жамағат ортасында ол əр күйеуінен төрт балалы болған. Барар жері, басар тауы жоқ болғаннан кейін, Сирияға кеткендердің арасында басым көпшілігі əйелдер. Сараптама бойынша солардың 90%-ы өкініште қалған. Уағыздаушылар ең бірінші кітап береді, ақыл айтады, өте ұстамды, харизматты көрінеді. Біздің «ұстаздарымыз» өте керемет, бəрін жақсы біледі, басқа ағымдар дұрыс емес, – деп санайды. Содан кейін «сенің деңгейің олардан биік, олардың əрекеттері дұрыс емес», – деп, достарынан, отбасынан, туған-туысқаннан алыстата бастайды. Əрі қарай оқудан, жұмыстан шығуды талап етеді. Секталарға кіретін адамдар олар – жауапкершілігі төмен, біреуге тəуелді, өзін неғұрлым жоғары санайтын, өзінен басқаның бəрінен кінə іздейтін, билікті жақсы көретін, фанатиктер жəне жеке басының пайдасын басқадан жоғары қоятын пенделер. Терактілерге қатысқандардың 84%-ы діні, білімі жоқ адамдар, қалғандарының діни білімі үстіртін, жұмысы мен мекенжайы жоқ, он жеті мен жиырма тоғыздағы жастар.  Дін туралы ақпараттарды неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым жастар ақ пен қараны ажырата біледі деген сенімдемін. Сол үшін, ең бірінші қоғамды діни тəрбиеге баулитын мамандарды (теологтарды, ұстаздарды, денсаулық сақтау кызметкерлерін, құқық саласының өкілдерін) үйретуден бастау қажет. Олар дұрыс ағымды түсінген сайын, қоғам деструктивтік ағымдарға қарсы тұра алады. Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында, сондықтан жастарымызға барынша көңіл бөліп, дұрыс тəлім-тəрбие алуына, дұрыс діни білім алуларына көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Сол себепті де, тəлім-тəрбиені ең алдымен отбасыдан, балабақшадан, мектептен жəне оқу орнынан бастағанымыз жөн. Балабақша тəрбиешілері, мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тəрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тəлімін айтса – бала көргені мен естігеніне амал ететін болады. Жастардың дəстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің екі негізгі себебін атап көрсетуге болады. Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауатсыздықтың басым болуы. Екіншіден, жат ағымдардың əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыруы.

 

 

 

Оқылды 598 рет