Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыс қаласында журналистерге пресс-тур ұйымдастырылды

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты өңір журналистеріне қаланың бүгінгі жай-күйімен танысу және өзге өңірлердегі халықтың алаңдаулы сауалдарына жауап беру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды. Арыстың қазіргі жағдайын өз көзімен көруге 20-дан астам республикалық және өңірлік БАҚ-ның өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері арнайы келді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы Төлеби ауданында болды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмыс тобы іссапармен Төлеби ауданына табан тіреді. Топтың құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және аталмыш басқарманың қызметкерлері болды

Түркістан облысы: Арыс қаласы маңында арнайы жедел штаб жұмыс істеуде

Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында іскер әйелдер кеңесі өтті

Жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова, «Атамекен» ҰҚП Жетісай аудандық филалының директоры Талғат Бапаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Нұржамал Маусова және ауданның бір топ іскер әйелдері қатысты. Басқосуда сөз алған аудан басшысы кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту аясында сөз қозғап, көпшілікке Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңесінің жаңа басшысын таныстырды. Аталған қызметті бұдан былай Назипа Алтаева атқаратын болады. 

Осы RSS каналға жазылу