Super User

Super User

Түркістан: Төлеби ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Төлеби аудандық мәдениет үйінде 23 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілерін құттықтады.

Салтанатты мерекеде аудан әкімі Б.Омарбеков сөз алып: «Осыдан 20 жыл бұрын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заң Қазақстандағы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілер әрбір саяси реформамен жүктелген міндеттерді кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!»,-деді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге уәде берді. Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар 20 мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік қызметкер облыстық мәслихат грамотасымен, 7 мемлекеттік қызметші аудандық мәслихат грамотасымен марапатталды. Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен концерттік бағдаралама қойылып, Төлеби аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің патриотизмге шақыратын әндері шырқалды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Түркістан облысы: 100 дәрігер шипажайға жолдама алды

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапаттады. Түркістан облысының дәрігерлеріне облыс әкімінің атынан шипажайға 100 жолдама табыс етілді. 

«Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

Түркістан облысындағы «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен, көлік инфрақұрылымымен танысты. Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді. ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты.  Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған. ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

Осы RSS каналға жазылу