Super User

Super User

Түркістандық АИТВ жұқтырған балалар Сан-Францискодағы конференцияға қатысады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев 2006-2008 жылдары АИТВ жұқтырған балалармен кездесті. Басқосу барысында есейген балалар өздерін таныстырып, қоғаммен бірге еркін өмір сүріп, барлық қолдаумен қамтамасыз етілгендерін жеткізді. Балалармен кездескен облысы әкімінің орынбасары әрбір балаға ерекше қамқорлық көрсетілетін айтып, барлығына 2020 жылы Сан-Франциско қаласында болатын АИТВ-ға арналған халықаралық конференцияға жолдама берілетінін жеткізді. Өз кезегінде ата-аналар тарапынан сөз алған Әлия  Масаурова өз ұлының бүгінде алғырлығымен, білімділігімен ерекшеленетінін айтты.

Түркістан: Жетісай ауданында биыл 59 жоба жүзеге асырылады

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылған болатын. Оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Олардың жалпы жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 15 жоба 2 өнім алу, 2 жоба мал бордақылау, 1 жоба бие шаруашылығын ашу, 2 жоба лимон өсіру. Бүгінгі таңда 15 жобаның арқасында 2 өнім алу үрдісі ойдағыдай жүзеге асып отыр.

Түркістан облысын дамытудың төрт бағыты айқындалды

Биыл Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін бергеніне  1 жыл толады. Осы орайда Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар идеологиялық дамуының төрт бағытын айқындалып отыр.Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38-сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. 

Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыратын жобалар жетерлік

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз-конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік ОТАРБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет ИСАБЕК, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу