Super User

Super User

Сайрамдықтар 1 гектардан 18-20 тонна картоп алуда

Сайрам Ауданында картоп егістігінің көлемі артып отыр. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында 63,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Облыстағы үлес 11,7 пайызды құрап, 1-ші орынға тұрақтады.

Жалпы, Сайрам ауданы қай кезде болса да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден облыс бойынша көшбасшылардың бірі болатын. Соңғы жылдары ел үкіметінің ерекше қолдауының арқасында өнімділік көлемі еселеп арта түскен. Мәселен, өткен жылы ауданда 52 288 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Нәтижесінде 34 200 тонна бидай, 8 056 тн.майлы дақылдар, 123 946 тонна көкөніс, 60 200 тонна картоп, 18 100 тонна жеміс-жидек, 13 680 тонна жүзім және басқа да дақылдар жиналып алынды. Биыл 3500 га картоп егілмек.

Ал, Қарабұлақ ауылындағы «Лола» шаруа қожалығыныңегістік көлемі 12 га. Оның 3 га картоп егілген. Гектарынан 18-20 тонна өнім алынуда. Ерте піскен картоп Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілуде. Осылайша, Сайрам ауданы өзінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша ерекше қарқынмен дамып отырғанын, облыста көшбасшы аудандардың қатарында екенін дәлелдей түсуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Түркістан облысы: Қазақтың мықты қаламгерлері «Túrkіstan tórіnde» келелі ой қозғады

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Túrkіstan tórіnde» атты сырласу-сұхбат кеші өтті. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Түркістан төрінде» жобасының алғашқы кездесуін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып берді. 

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Үкімет Түркістанды барынша дамытатын 5 қаулы қабылдады»

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Алқалы жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытындағы жоспарлары мен атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндады. 

Жетісай ауданында мемлекеттік қызметшілер мерекесі аталып өтті

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті. 

«Құрметті әріптестер! Сіздерді 23 маусым кәсіби мерекеміз – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Сондықтан мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі саналады», - деді Жамантай Қанайұлы. 

Жиын барысында аудан әкімі облыс және аудан экономикасы мен әлеуметтік дамуына аянбай еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметкерлерге облыс, аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті. Солардың қатарында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы грамотасымен марапатталғандары да бар. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Осы RSS каналға жазылу