Super User

Super User

Түркістанда «ақылды квартал» жобасы жүзеге асырыла бастады

Түркістан облысында Цифрландыру орталығы отандық IT-жүйелерін әзірлеушілермен бірлесіп Түркістан қаласында бірнеше пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі жұмысын бастайды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы  Отырар шағын ауданында көп пәтерлі 10 үйді қамтитын «Ақылды квартал» жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Цифрландыру орталығының басшысы Асылбек Жанғұлов айтып берді.

Сайрам ауданында өнім көлемі 127,3 млрд. теңгеге жеткен

Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 127,3 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда өсім 2,9 пайызды құрады. Нәтижесінде жан басынашаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 629,5 мың теңге болып, өсім 4,6 пайызға жеткен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

«TURKISTAN INVEST» 507 млрд. теңгені құрайтын 19 жаңа ірі жобаны қолға алып отыр

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының кеңсесі жанынан бүгінде «TURKISTAN INVEST», «Цифрландыру орталығы» және «Тұрақтандыру қоры» филиалдары құрылған. Қазіргі таңда «Түркістан» ӘКК» АҚ - құрылыс, әлеуметтік маңызды жобалар, туризм, инвестиция тарту, цифрландыру, тұрақтандыру қоры сынды бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Түркістан» ӘКК» АҚ төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров мәлімдеді

Түркістан қаласының бас жоспары талқыланды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Түркістан қаласының бас жоспары талқыланды. Жиында сөз алған аймақ басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов жобалардың орындалу барысын баяндап берді.

Осы RSS каналға жазылу