Super User

Super User

Түлкібас ауданына биыл 13 мыңнан астам турист келген

Түлкібас ауданына ағымдағы жылдың 10 айында 13 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 700 адам шетелдің азаматтары. Жалпы өңір - этнотуризмді дамытуға қолайлы аймақ. Алдағы уақытта аймаққа келушілердің саны арта түседі деп жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді.

Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданының шаруаларымен Елбасы Жолдауын талқылады

Түркістан облысына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен барды. Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС мен «Nurym Group» ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтың бүгінгі жай-күйімен танысты. 

Түлкібас ауданында суармалы жердің көлемі ұлғая түскен

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемін ұлғайту үшін суармалы жерлердің аумағы ұлғаюда. Осы орайда су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесінен 2018-2023 жылдар аралығына (жылдық лимит) 136,7 млн. м3 ағын суды пайдалануға рұқсат алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді.

Сайрам ауданына 13,9 млрд. теңге инвестиция тартылған

Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданның үлесі 6,5 пайызды құрайды. Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған.Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

Осы RSS каналға жазылу