Super User

Super User

Түркістан облысында мақта өңдейтін зауыт жаңғыртылды

Мақтаарал ауданындағы мақта өңдеу зауыты сандық технологияның игілігін көріп отыр. ТМД-да теңдесі жоқ саналатын кәсіпорын АҚШ-тың заманауи технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтылған. 

Түркістан облысында студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысының жастары енді Халыққа қызмет көрсету орталығына сабылмайтын болды. Олардың енді өз қызмет көрсету орталығы бар. Аграрлық салаға маман дайындайтын колледжде алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. 

Түркістанда «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» атты көрме ұйымдастырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы М. Мәметова және №19 жалпы орта мектептерінде «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» көрмесі өтті. Шара аясында шәкірттер музей қызметкерлері Оразов Талғат пен Берікбай Абдрасиловтің Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи мұралар және кесене ғимаратының архитектурасы мен құрылымы,  онда сақталған кұнды жәдігерлер жайында лекциясын тыңдады.

Түркістан облысында мектепке интернет арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар

Түркістан облысында мектепке интернет арқылы орналасуға болады. Енді мұғалімдер жұмысқа кіру үшін таныс-тамыр іздемейді. Облыстың барлық мектептерінде jumys.sitcen.kz порталы іске қосылып, бос жұмыс орындары осы жүйеге орналастырылған.

Осы RSS каналға жазылу