Super User

Super User

Түркістандық ғалымдар Елбасы мақаласын ерекше форматта сараптады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялағаны белгілі. Халықтың жүрегіне жол тауып, қоғамға ерекше әсер еткен мақаланы Түркістан жұртшылығы өте жылы қабылдады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің музейінде ерекше форматта жиында оқытушылар мен студенттер, ғалымдар мен сарапшылар бұл мақаланың ел санасын сілкіндіретінін атап өтті.

Елбасы Түркістанға ерекше назар аударып отыр

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталған.  Онда «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыптармен тарқатады.

«Туған жерге тағзым» Түркістаннан басталады

Бүгін Түркістан облысының орталығы Түркістан шаһарында «Туған жерге тағзым» кең ауқымды жобасы басталды. «Отандастар» қоры ұйытқы болған шараның міндеті - алыс-жақын шетелдерде, Австрия, Англия, Франция, Швеция, Иран, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Ресей, Белорусь, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қандастарға арнап, Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар сериясын ұйымдастыру.

Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші  3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Сондай-ақ,  ана өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың 10 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеп, республика бойынша облыс 9 орынға тұрақтаған.

Осы RSS каналға жазылу