Super User

Super User

Түркістанда «AGROFEST-2018» фестивалі өтті

Түркістан қаласында алғаш рет «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. «Есімхан» алаңында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысты. Мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, аймақтың жетістіктеріне тоқталды.

Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Отарбаев Мәлік Нұржанұлы тағайындалды.

Түркістан облысы: өңір халқының 98 пайызында электрондық денсаулық паспорты бар

Түркістан облысы бойынша 1 791 201  электрондық денсаулық паспорты жасақталды. Бұл өңір халқының 98 пайызын құрайды. Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.

Түркістан облысында 300 шақырым облыстық маңызы бар жол жөндеуден өтеді

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысы өтті. Премьер - Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған жобасы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу