Super User

Super User

Ж.Түймебаев Түркістан облысын дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға әзір екенін мәлімдеді

Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының арасындағы өңіраралық бірінші ынтымақтастық форумы болып өтті. Қос мемлекеттің делегацияларын Бірінші Премьер-Министрлер Асқар Мамин мен Ачилбай Раматов бастады. Ал форумның басты тақырыбы - шекара маңындағы сауда-саттық пен инвестициялық және экономикалық қатынастарды дамыту. Форум барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде, Қазақстан мен Өзбекстанның іскер топтары мен өңірлері арасында өзара тиімді және практикалық ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға, екі елдің экспорттық əлеуетін ұлғайтуға назар аударылды.

Түркістан облысы Өзбекстанның үш облысымен меморандумға қол қойды

Шымкент қаласында өткен «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өңіраралық бірінші ынтымақтастық форумында» Түркістан өңірі өзбек елінің Жизақ, Ташкент облысы және Ташкент қаласымен меморандум түзді. Басқосуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Жизақ облысының әкімі Эргаш Салиевпен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.

Түркістанда «махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық опера және балет театрының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отырған туындыны тамашалауға зиялы қауым мен аталған жоғары оқу орнының оқытушы құрамы және студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Қойылымның ашылу салтанатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзін арнап, театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.

Түркістанда облыстық кәсіпкерлер палатасы ашылды

Түркістан қаласында облыс басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің қатысуымен Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты. Іс шара аясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов қонақтарды палата кеңсесімен, онда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

Осы RSS каналға жазылу