Жексенбі, 20 Қазан 2024 09:50

Шымкентте ынтымақтастықты нығайту мақсатында велошеру өтті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері Шымкентте вело шеру ұйымдастырылып келеді. Карантиндік шектеулерге байланысты бұл шара уақытша тоқтатылған еді, бірақ биыл еліміздегі ең ірі вело шеру қайта жанданды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің әр өңірінен 150 велошабандоз қатысты. Оларға 120 шақырымды жүріп өту міндеті жүктелді. Жарыс жолын бағындырған барлық қатысушылар медальдармен марапатталады.

Жиынның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов вело шерудің маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі спорттық іс-шараның мақсаты – Шымкентте велосипед спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау. Мемлекет тарапынан спортты дамытуға айрықша мән берілуде, әрбір азаматтың спортпен айналысуына жағдай жасалуда. Таяуда ғана ашылған 6 шақырымдық вело жолағы Шымкент қаласындағы инфрақұрылымды дамыту жобасының бір бөлігі. Қалада велосипед спорты мен жеңіл атлетика мектебі жұмыс істейді, соның нәтижесінде спортшыларымыз халықаралық жарыстарда еліміздің туын желбіретіп жүр», – деді Қуаныш Асылов.

Шараға тек қала тұрғындары емес, басқа өңірлерден келген қонақтар да қатысты.

Оқылды 178 рет