Super User

Super User

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай гала-концерт өтті

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында ауданның 90 жылдығына орай гала-концерт өтті. 5000-ға жуық көрермен қатысқан айтулы шараға Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Таңат Мамырханұлы, Нұрлан мен Мұрат, «Диета kz» тобы, Бауыржан Исаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген өнер жұлдыздары қатысып, ән шырқаса, республикаға танымал айтыскер ақын Біржан Байтуов ауданға арнауын жеткізді.

Түркістан облысы: Мақтааралда «Қыс-2018» оқу-жаттығу жиыны өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың нұсқаулығына және аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, Мақтааралда «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. 

«Шаянға барсаң әншімін деме» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары белгілі болды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Бәйдібек ауданының 90 жылдығы аясында «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауы өтті. Өнер додасының мақсаты - ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында сазгерлік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық тақырыпта халық арасына, өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Шараны Бәйдібек ауданының әкімі Танагөзов Бақытбек Төленұлы құттықтау сөзбен ашып берді.

Түркістан облысы: Мырзакенттің спорт мектебі өрлеп келеді

Мақтаарал ауданының ортылығы Мырзакент кентіндегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушылары Қазығұрт ауданы әкімдігінің жүлдесіне арналған бокстан өткен облыстық турнирге қатысып, жоғары белестерден көрініп қайтты. 

Осы RSS каналға жазылу