Түркістан: Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда жергілікті 50 шақты тауар өндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.