Super User

Super User

Шымкенттік балуандар "Жас барыс" республикалық турнирінде

Астана қаласы, “Aspan” спорт кешенінде қазақ күресінен кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар арасындағы республикалық турнирі өтуде! Жарысқа еліміздің барлық өңірінің спорт клубтарынан 500-ге жуық балуан келді, жарыстың алғашқы күнінде жастар санаты бойынша 150-ге жуық балуан белдесті.

Қазақ күресінің жас буынын қалыптастыруда маңызды турнирдің бірі 2 күнге жалғасып, қызыққа толы жарыстың сәттерін күрес жанкүйерлері тамашалады. Аталған турнирде Шымкент қаласының жас балуандары салмақ дәрежелері бойынша өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, Салқан Сапарғали, 84 келіде өнер көрсетіп 1-ші орыннан көрінді. Таласбай Нұрбек (60 келі) екінші орыннан көрінді. Тұрсынбек Ақылжан (90 келі) да екінші орынға жайғасты. Күміс медальді иеленгендердің қатарында  Исах Марлен (100 келі) де бар. Қоланы місе тұтқан спортшылар Алиев Мұхтар (60 келі), Дүйсебай Бектөре (66 келі), Шайхыслам Бауыржан (84 келі).

Жалпы командалық есепте балуандарымыз 3-ші орыннан көрінді.

 

Жастар

-55 келі

 

1 орын - Сапарғали Досжан (СҚО)

 

2 орын - Хамит Нұролла (Қарағанды ҚКСК)

 

3 орын - Елеусизов Еркебулан (Астана қаласы)

 

3 орын - Дәулет Диас (Астана қаласы)

 

 -60 келі

 

1 орын - Хайырымұлы Асхат (Қарағанды облысы)

 

2 орын - Таласбай Нұрбек (Шымкент қаласы)

 

3 орын - Алиев Мұхтар (Шымкен ҰАСТ СК)

 

3 орын - Қуаныш Жарбол (Астана қаласы)

 

 -66 келі

 

1 орын - Накенов Ислам (Павлодар облысы)

 

2 орын - Қасымбеков Мақсат (Балуан Шолақ ат. СК)

 

3 орын - Дүйсебай Бектөре (Шымкент ҰАСТ СК)

 

3 орын - Сағатай Бекзат (Жамбыл облысы)

 

 -72 келі

 

1 орын - Жоспар Олжас (Алматы қаласы)

 

2 орын - Ғалымжан Бекжан (ҰАСТО)

 

3 орын - Сулейменов Бекежан (Абай ҰАСТ СК)

 

3 орын - Сарсенов Аят (Ақмола облысы)

 

 -84 келі

 

1 орын - Салқан Сапарғали (Шымкент қаласы)

 

2 орын - Мекенбай Ұлықпан (ҰАСТО)

 

3 орын - Шайхыслам Бауыржан (Шымкент ҰАСТ СК)

 

3 орын - Қолдасов Нұрбек (Қарағанды ҚКСК)

 

 -90 келі

 

1 орын - Нұғман Бибарыс (ҰАСТО)

 

2 орын - Тұрсынбек Ақылжан (Шымкент қаласы)

 

3 орын - Мержанов Ерасыл (Абай ҰАСТ СК)

 

3 орын - Садуақас Нұрдаулет (Ақмола облысы)

 

 -100 келі

 

1 орын - Жанболатұлы Эльнар (ҰАСТО)

 

2 орын - Исах Марлен (Шымкент қаласы)

 

3 орын - Рахимов Амирбек (Ақтөбе облысы)

 

3 орын - Наурызбай Бисенбек (Маңғыстау облысы)

 

 +100 келі

 

1 орын - Төре Қажымұқан (Астана қаласы)

 

2 орын - Бейсенәлі Мейірхан (Түркістан облысы)

 

3 орын - Мурзаш Адлет (СҚО)

 

3 орын - Халхабаев Жасұлан (Астана қаласы)

 

Турнирінің екінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері:

 

Жасөспірімдер

-46 келі

1.Әбдрахман Айбатыр Қызылорда облысы

2.Спатай Сұлтанбек Астана қаласы

3.Шәкәрім Әлім Қарағанды ҚКСК

3.Назарбек Елдос Павлодар облысы

 

-50 келі

1.Сазанбай Рүстем Астана қаласы

2.Ақылбеков Нұртас Шымкент қаласы

3.Абылкасимов Қайырбек Астана ҚКСК

3.Бейбіт Ақжол Ақтөбе облысы

 

-55 келі

1.Хауас Арынғазы Түркістан облысы

2.Төлеу Асхат Тобыл-Торғай Тарландары СК

3.Ильяс Мирас Астана қаласы

3.Садуакасов Жасұлан Шығыс Қазақстан облысы

 

-60 келі

1.Әбдіреймов Ардабек Ақтөбе облысы

2.Құмарбек Ерназар Астана қаласы

3.Сидага Рахамбек Қарағанды облысы

3.Анафия Мұхамеджан Шымкент ҚКСК

 

-65 келі

1.Жүнісов Ардақ ҰАСТО

2.Төлеуов Шыңғыс Қарағанды ҚКСК

3.Ерлан Айдос Қостанай облысы

3.Қадырбай Әділет Маңғыстау облысы

 

-70 келі

1.Нурмет Ғалымжан ҰАСТО

2.Шаяхметов Жәңгірхан Б.Шолақ ат. СК

3.Сапар Саят Түркістан облысы

3.Тұрдығали Алмаз Астана қаласы

 

-76 келі

1.Жанбырбаев Алижан Павлодар облысы

2.Бернияз Мұрат Маңғыстау облысы

3.Рахымбаев Досжан Шығыс Қазақстан облысы

3.Мүстақым Мухамед Солтүстік Қазақстан облысы

 

-82 келі

1.Жүсівәлі Шерхан ҰАСТО

2.Бейсенбек Айвар Абай облысы

3.Мәуленқұл Темірлан Астана ҚКСК

3.Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс Абай обл. ҰАСТ СК

 

+82 келі

1.Серік Мұхамед Батыс Қазақстан облысы

2.Жамбыл Нұрболат ҰАСТО

3.Нұрмахан Нүркен Түркістан облысы

3.Сейіткерім Архат Жамбыл облысы

 

 

 

Еревандағы әлем чемпионатында шымкенттік әскер спортшысы бақ сынауда

Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті медальмен толықты.  Аталмыш додада шымкенттік Мейіржан Шермаханбетте өнер көрсетеді. Ол  67 кг салмақ дәрежесінде қатысады.

 

Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған біріншілік Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде өтті. Оған әлемнің 24 елінен 400 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы атынан еркін және грек-рим күресі бойынша 17 балуан мықтылығын сынға салды.

 

Бұған дейінде қазақстандық құраманың Еревандағы сайыстарын мәлімдеген болатынбыз. Еркін күрестен ең жоғары чемпиондық марапатты ефрейтор Мейіржан Әшіров (70 келі) жеңіп алды. Қола медальдарды грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали – 60 келі салмақта және ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Светлана Анкичева – әйелдер күресінен (50 келі) еншіледі.

 

Келесі күндері ел қоржыны тағы екі алтынмен және қола медальдармен толықты.

 

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Камиль Куруглиев 97 келі салмақ дәрежесінде Үндістан мен Моңғолиядан келген спортшыларды жеңді. Шешуші белдесуде ол Ираннан келген қарсыласынан басым түсті. 

 

Грек-рим күресінен ефрейтор Әлімхан Сыздықов ирандық балуанмен соңғы белдесуде өзінің артықшылығын дәлелдеп, әлем чемпионы атанды.

 

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы құрамасының 86 келі салмағында еркін күрестен сынға түскен Рүстем Мырзағалиев пен әйелдер күресінен (55 келі) Марина Седняя Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлделермен толықтыра түсті.

Шымкент: Жас дзюдошылар сынға түсті

Шаһардағы “Металлург” стадионында дзюдодан жасөспірімдер арасында STROY CITY дәстүрлі турнирі өтуде. Тәуелсіздік күніне орайластырылған Шымкент қаласының ашық біріншілігіне 2011-2013, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер, жалпы 400-ге жуық жас балуан қатысты.

Осы RSS каналға жазылу