Super User

Super User

Ясауи музейі - түркі әлемінің тарихи қазынасы!

 

Қазақстан – бай мәдениеті мен терең тарихы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Ел көлемінде бүгінде 250-ден астам мұражай халық игілігіне қызмет етіп келеді. Әр аймақтың, әр қаланың өзіндік ерекшелігі мен тарихи мұралары бар. Соның ішінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде маңызды орынға ие.

Ғылыми басылымдар қызметі: білім-ғылымды біріктіру үлгісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қазақстан мен түркі әлемінің ғылыми-білім беру кеңістігінде ерекше орын алатын жоғары оқу орны. Университет тек білім беру саласында ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша да көш бастап келеді. Оның маңызды бағыттарының бірі — ғылыми басылымдарды шығару мен дамыту. Төменде ғылыми басылымдар жұмысының негізгі бағыттарына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРГЕН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

«Түркология» журналы — Қазақстанда ғана емес, әлемде түркологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтерген халықаралық ғылыми басылым. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор Шәкір Ыбыраевтың бастамасымен жарық көрген бұл журнал түркология ғылымының жаңа дәуірін бастады. Кеңес дәуірінде түркологиялық зерттеулер Мәскеу мен Бакуде шоғырланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстанда Түркістан қаласында осындай журналдың шығуы еліміздің ғылыми дамуы үшін маңызды қадам болды.

Баланың тағдырын ата-ананың мінезі белгілейді

Өткенде мынадай бір хабар интернет әлемін дүрліктіріп, көпшіліктің қызу талқысына айналған еді, іс былай болған екен: бір кластағы оқушылардың көбі бір реткі емтиханда 100 нөмір алып, өз ұлының тоқсан сегіз нөмір орындағанына бола анасы сар уайымға салынып, жабығу науқасына шалдығыпты. Хабарда тілімізге тиек болған ананың әр жолғы емтиханда ұлына қойатын өлшемі бастан- ақыр 100 нөмір болып келген, кей кездері шешесінің күткені болмай тоқсан сегіз нөмір алып қалса, байқұс баланы балағаттау мен жазалау күтіп тұратын еді.

Осы RSS каналға жазылу