САЙРАМ АУДАНЫ: АҚБҰЛАҚТАҒЫ 10 МӘСЕЛЕ ӨЗ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Басқосуда алдымен ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттер айтылды.