Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебінің тәрбиеленушілері негізгі қарсыласы – Алматы облысының спортшыларын артқа тастап, жалпы командалық есепте жеңіске жетті. Түркістан облысының қоржынына 17 медаль түсті: 9 алтын, 5 күміс және 3 қола. Атап айтсақ, Александр Вакуленко, Жанель Абдужалал, Бағдәулет Шакизада, Анатолий Чуриков, Марк Ринк, Тимур Джангазов, Занғар Абдурахман, Кристина Малахова және Полина Коваленко өз сайыстары бойынша чемпион атанды
Осылайша, желкенді спорт шеберлері маусымның 2-8 аралығында Қытайдың Циньхуандао қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Облыстың аға жаттықтырушысы Илья Данилов бастаған бапкерлік құрам Занғар Абдурахман мен Азамат Қалдарбековты сайыстың ILCA 6 және ILCA 7 олимпиадалық түрлері бойынша жарысқа қосуды жоспарлап отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат