Түркістан: Мақтааралдық кәсіпкер ауруханаға тыныс алу аппаратын алып берді
Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Бүгін жергілікті кәсіпкер, "Астана Строй-Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық "Мырзакент" ауруханасына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді.