Жексенбі, 24 Қыркүйек 2023 19:57

Жүйнек құрама командасы жеңімпаз атанды

Кеше Сауран ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен қолдауынымен кіші футболдан ашық біріншілік басталған болатын. Бірер сағат бұрын аламан доп додасы мәресіне жетті.

Нәтижесінде Жүйнек ауыл округінен жасақталған «Жүйнек» құрама командасы жеңімпаз атанды. Құрама команда шаршы алаңда шапшаң ойын көрсетті. Соңғы минуттарда «Қосқорған» құрама командасының қақпасына 3 гол соғып басым түсті. Жеңіс тұғырына дейін Ескі Иқан, Қарашық, Ынтымақ құрама командаларын басым ұпаймен ойсыратып жеңген болатын. Жеңімпаз команда аудан әкімдігінің арнайы кубогы мен қаржылай жүлде қорына ие болды.

Екінші орынға «Қосқорған» құрама командасы тұрақтады. Финалға дейін қарсылас командаларының жеңісіне тұсау салған құрама «Жүйнек» құрама командасымен есепті теңістіре алмады. Құрама командаға қаржылай сыйлық табысталды.

Үшінші орынға шаршы алаңда сәтті ойын көрсеткен Ескі Иқан командасы тұрақтады. Депутаттардың демеушілігі тарапынан берілген қаржылай сыйлықты иеленді. Доп додасының жабылу салтанатына аудан әкімінің кеңесшісі Жолдас Мырзабеков, ауыл әкімі мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Естеріңізге сала кетейік, ашық біріншілік жыл сайын ұйымдастыралады деп күтілуде. Мықты ойыншыларды іріктеп, ауданның құрама командасын жасақтауды мақсат етіп отыр.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды асқақтата түсуде. Спорт саласында мемлекеттік саясаттың басымдығы – бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Бұқаралық спортың дамуы – Қазақстандықтардың салауатты өмір салтының даму негізі екені сөзсіз.Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы.

Мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеруде спорттың алатын орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан еліміз спортты дамытуға айрықшы көңіл бөлуде. Мәселен, он тоғыз жылдан бері елімізде спорт күні белгіленіп атап өтілуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әр сала бойынша спорттық жарыстар өткізіліп, халықты салауатты өмір салтына тарту мақсатында түрлі шаралар өткізіледі. Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісін спорт күні ретінде халық асыға күтеді.  

Жалпы спорт саласы елімізде кең қолдауға ие. Саланың дамуына, бұқаралық спорт қозғалысын арттыруға, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған көптеген шаралар көз алдымызда ұйымдастырылуда. Сондықтан жыл өткен сайын баласын спорттың әртүрлі саласына жетектеп әкелетін ата-аналардың саны артып келеді. Әрине халықты спортшыларымыздың халықаралық дәрежеде жеткен жетістіктіктері де ынталандырары анық. Осы орайда еліміздің спортшылары соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында еліміздің намысын жыртып, үздік нәтижелерді көрсетіп келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Мемлекет басшысының өзі спортшыларымызды халықаралық жарыстарға шығар алдында арнайы шақырып, сәттілік тілеп шығарып салуының өзі спорт саласының мемлекетіміздің басты назарында екенін айқындайды. Еліміз беделді халықаралық жарыстарды өткізетін елге айналып, арнайы спортшыларға арнап қалашықтар тұрғызып, спорттық нысандар санын көбейтуде. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының ғана көрсеткіші емес, оның әлемдік мойындалуын көрсетеді.

Атап өтер жайт, елімізде Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған арнайы кешенді жоспар да әзірленген. Спортты жүйелі дамытуды көздеген кешенді жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілген. Саланың басы қасында жүрген мамандар арқылы толықтырылған кешенді жоспар еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтереді деген үміт зор! Кешенді жоспар 34 тармақ пен 5 негізгі бағыттан тұрады. Атап өтсек нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мектеп және студенттік спорт, спорт желілерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату, спорттық-бұқаралық іс-шаралары көбейту көзделген. Бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында да көптеген жұмыстар жасалуда.

Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгілеп отыр. Сондықтан қолға алынған шаралар өз деңгейінде атқарылса, талай игі іске мұрындық болары анық. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бүгінде еліміздегі балаларды арнайы спорттық үйірмемен қамту жұмыстары да жүргізілуде. Балаларды спортқа тарту мақсатында аталмыш жоба жемқорлардың жемсауында кетпес үшін барынша пысықталуда. Жалпы еліміздегі спортты дамыту үшін жасалып жатқан шаралар алдағы уақытта өз жемісін береріне сенім мол!

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 406 рет