Сенбі, 07 Қазан 2023 19:19

ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Жеңіл атлетикадан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Кобловты Шымкент темір жол вокзалынан жерлестері күтіп алды. Іс-шараға спорт мектебі басшылары, спорт жанкүйерлері қатысты.Д.Коблов 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 3-ші орын алған болатын. Биыл Ханчжоуда өткен бәсекеде де командалық сайыста (эстафета микс) қола жүлдегер атанды.  Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов жүлдегер спортшыны құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі. Іс-шарада Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Коблов мұнымен тоқтамайтынын, келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалатынын атап өтті. Айта кетсек, Д.Коблов халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 және 2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Айта кетейік, каратэші Софья Берульцеваның алтын медалінен кейін Қазақстан Азия ойындарының медальдық есебінде көтерілді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын, 20 күміс және 44 қола медаль бар. Қазақстан қазір медальдық есепте 9-орында. Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда ХІХ Жазғы Азия ойындары өтуде.  Қытайда Азиада-2022 өткізу туралы шешімді Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) 2015 жылғы 16 қыркүйекте қабылдады. Ойындар бастапқыда 2022 жылы жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға және алдыңғы жылдардағы ірі турнирлердің ауысуына байланысты жарыс  2023 жылға ауыстырылды. Азия ойындарының бағдарламасында олимпиадалық спорт түрлері де, аквабайк, бридж, джиу-джитсу, курес – белбеу күресі, пенчак силат жекпе-жек өнері, каббади, сепатакрау малай волейболы, драгонботтарда есу бар. Садақ ату, синхронды жүзу, бокс, брейкинг, допты хоккей, қазіргі бессайыс, желкенді спорт, теннис және су полосындағы жарыстар да 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылады. Барлығы 19 Жазғы Азия ойындарында 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 - олимпиадалық, 16 - олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.

Оқылды 307 рет