Нағыз бабында тұрған спортшылардың есімдерін атап өтсек. Жасөспірімдер арасында өтетін сайыста 50 келі салмақта Дархан Жүсіп, 55 келі салмақта Ердәулет Сарыбай, Нұрхан Қадір, Назерке Дүкен, 60 келі салмақта Абзал Пірімбет, Ләззат Маликайдар, 65 келі салмақта Ұлбала Камал, 75 келі салмақта Бекет Айтбек, Әділет Олжабек, 80 келі салмақта Есболат Қаржау, Жанболат Қарсыбайұлы, Нұрбақ Сыражидин, +80 келі салмақта Азамат Арапбай өз бақтарын сынайды.
Жастар арасында сайысқа түсетін спортшыларымыз: 55 келі салмақта Ердаулет Нұрмахан, 60 келі салмақта Жұлдыз Малік, Қыдыр Өсербай, 65 келі салмақта Нұрдәулет Айдархан, Нұрдәулет Көшкенбек.
Ересектер арасында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз: 55 келі салмақта Дәурен Абсаттар, Ердәулет Сарыбай, 60 келі салмақта Беймен Анықбай, Талғатбек Рүстембек, Қыдыр Өсербай, 65 келі салмақта Нұрдәулет Айдархан, Ержан Әбілда, 70 келі салмақта Нұрдәулет Қадір, Талғат Ақтаев, 75 келі салмақта Мағжан Шамиев, 80 келі салмақта Ғалымжан Қарсыбаев, Қайырхан Шамиев, 85 келі салмақта Есболат Қаржау, 100 келі салмақта Қыдырғали Оңғарбаев, 110 келі салмақта Медет Құттымұратов.
Ардагерлер арасында 100 келі салмақта Берік Тағабаев өнер көрсетпек.
Сайдың тасындай сайыпқыран спортшыларымыздан құралған командамыз бұл жолы да жеңіс биігінен көрінеді деген сеніміміз мол.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.