Сейсенбі, 16 Қазан 2018 21:50

Түркістан облысының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазан айының 2-6 күндері аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында Меркі ауданының 90 жылдығы және ҚР спорт шебері Болат Намысбековты және жаттықтырушысы Жұмағали Байтиковты еске алуға арналған XVIIIхалықаралық турнирі өтті. 

Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықтылар сайысында Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын былғары қолғап шеберлерінен 44 келі салмақ дәрежесінбе бақ сынаған Нұрислам Әбдіқадыр жартылай финалға дейін айқын басымдықпен ұтып, финалдық кездесуде бар күш жігерін салса да, қарсыласына есе жіберіп, жүлделі 2-орынға қол жеткізді. 46 келі салмақта Бақдәулет Ералы жүлделі 3-орынды қанағат тұтса, 66 келі салмақта бақ сынаған Марлен Тұрысбек ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, шешуші сайыста ұпай санымен есе жіріп күмістен алқа тақты.

Ең қызықты әрі ең жоғары салмақта +80 келіде өнер көрсеткен Дияр Роман бабы мен бағы келіскен шебер спортшы екенін тағы да дәлелдеді, жартылай финалда жергілікті спортшы меркілік қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен ақтық сынға жолдама алды. Ақтық сында тараздық қарсыласын нокдаунмен есеңгіретіп, төрешінің шешімімен уақытынан бұрын жеңіске жетіп, абыроймен алтыннан алқа тақты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1111 рет