Жыл басынан бері жасаған жұмыстары және жоспарымен бөліскен Маратбек Мықтыбеков
2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшымыз жолдама жеңіп алғанын айтты.
Атап айтқанда:
Нысана көздеуден Никита Чирюкин;
Бокстан Сабырхан Махмуд;
Таеквондодан Абабакиров Самирхон;
Семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік;
Стенд атудан Мария Дмитриенко;
Байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий;
Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов;
Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева.
Алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта, Олимпиада Ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз қызу дайындық үстінде.
Басқарма басшысы алдағы уақытта бірнеше спорттық нысанды мамыр айында пайдалануға берілетіндігімен де бөлісті.
«Қаламызда №12 спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында бой көтерген «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға берілу жоспарлануда. Аталған спорт кешенінде спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейн орналасқан.
Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде",-деді ол.